Алматы облысының прокуратурасы жер қатынастары мен құрылыс саласында кәсіпкерлерді әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту тәжірибесінің жолын кесті.
2025 жылы сот актілерін талдау нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 55 апелляциялық өтініш қанағаттандырылды.
Анықталғандай, бірқатар жағдайларда кәсіпкерлер өздеріне меншік құқығымен тиесілі жер учаскелерінде объектілер салғанына қарамастан «заңсыз құрылыс» деген негізбен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Яғни уәкілетті органдар тарапынан әкімшілік заңнаманың тиісті емес баптары қолданылған.
Прокуратураның уақтылы араласуының нәтижесінде көрсетілген заң бұзушылықтар апелляциялық тәртіппен жойылып, 9 кәсіпкердің құқықтары толық қалпына келтірілді.
Кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту тәжірибесі тоқтатылды.
Жер қатынастары мен құрылыс саласында заңдылықты қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.