Прокурорлық қадағалаумен жылу мәселесі шешімін тапты

Прокурорлық қадағалаумен жылу мәселесі шешімін тапты

Ұйғыр ауданының прокуратурасы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, тұрғын үй заңнамасының орындалуына тексеру жүргізіп, Шонжы ауылында орналасқан бес қабатты екі тұрғын үйде газ тарту және жылу проблемасы соңғы 10 жылда өз шешімін таппай, жылдан жылға қыс мезгілінде жылу мәселесінде тұрақсыздық пайда болғандығын анықтады.

Қоғамдық-саяси ахуалдың алдын-алу мақсатында, прокурорлық қадағалау актісі негізінде аудан әкімінің орынбасары және тұрғын үй бөлімі басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2025–2026 жылғы жылыту маусымына газбен жылыту қазандығы дайындалып, іске қосылды.

Прокуратура органдары халықтың құқығын қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.

#Заң_мен_тәртіп