Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейдтердің негізгі мақсаты — жерді өз бетінше қазу арқылы кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге жол бермеу, мұндай әрекеттер мемлекетке елеулі және орны толмас залал келтіріп, жер ресурстарының бұзылуына, экологиялық жағдайдың нашарлауына және жер қойнауын пайдалану саласындағы белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғады.
Рейдтік іс-шаралар барысында арнайы техниканы пайдалана отырып заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру фактілері анықталды, тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық істер қозғалды, арнайы айыппұл тұрағына 10-нан астам арнайы техника, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге тікелей пайдаланылған 2 экскаватор қойылды.
Прокуратура заңсыз жер қойнауын пайдалану әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі және тұрақты түрде жалғасатын болады.
#Заң_мен_ тәртіп