Алматы облысының прокуратурасы пробациялық бақылауда тұрған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, оларды жұмысқа орналастыру, қылмыстың қайталануын төмендету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, уәкілетті органдармен бірлесіп ағымдағы жылдың 21-22 қарашасы аралығында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Бірінші күні 1200 пробация есебіндегі тұлға «Вакансиялар жәрмеңкесіне» қатысып, түрлі спорттық жарыстарға атсалысты, құқықтық көмек алып және заңдар бойынша түсіндірме парақшаларымен қамтамасыз етілді.
Екінші күні 700-ден астам адам қоғамдық орындарды тазалау бойынша сенбіліктерге қатысты.
Нәтижесінде облыс аумағында 3 парк, 2 сквер, мешіттер, ондаған көшелер тазартылып, 50 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, 36 сотталғандар жұмыспен қамтылып, 100 пробация есебіндегі тұлғаға әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеу, гранттар мен жер телімдерін алу мәселелері бойынша көмек көрсетілді. Облыс тұрғындары аталған іс-шараларды оң қабылдады.
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокурорлар қойған негізгі мақсаттар мен міндеттер орындалуда.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.