«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Алматы облысы Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «Прокурордың жас көмекшісі» сыныптарын ашу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бұл балаларды оқытудағы жаңа бағыт қана емес, бұл заң мен құқық саласында білім алуға үлкен мүмкіндік.
Қоғам өзгеріп жатқан кезеңде заңды құрметтейтін, өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеу — аса маңызды міндет.
Осы орайда, Қарасай ауданының прокурорымен, прокуратура ардагерінің қатысуымен прокуратура күні қарсаңында 50-ден астам баланы қамтитын «Прокурордың жас көмекшісі» сыныбы салтанатты түрде ашылды.
#Заң_мен_Тәртіп