Талғар ауданында «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында прокурорлар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Атқарылған жұмыстар ауданның барлық елді мекендерін қамтыды.
Прокуратура мен полицияның үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде 4124 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың елеулі бөлігі – жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері (2684).
Учаскелік инспекторлар ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктер ішу және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты 780 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Ювеналдық полиция кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы және ата-аналардың міндеттерін тиісінше орындамауына қатысты 291 фактіні тіркеді. Миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін 369 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды.
Аудандағы құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам