Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталды

Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталды

Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарын заңсыз аулауға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 09.10.2025 жылы Балқаш ауданының үш тұрғыны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны және атқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі бойынша сотталушылардың әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайынды, сондай-ақ, мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысының соттары заңсыз аңшылық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі қарады, 10 адам әртүрлі жаза түрлеріне тартылды, олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 36 млн теңгені құрап, мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.

Алматы облысының прокуратурасы заңсыз аңшылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді (ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы).

Табиғатты қорғау - біздің ортақ міндетіміз, балаларымыз бен немерелеріміз үшін табиғи байлықты сақтайық.