Талғарда ауыз су тарифі төмендеді

Талғарда ауыз су тарифі төмендеді

Талғар ауданының прокуратурасы облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Alatau Public Utilities» ЖШС-нің тарифтерінің негізділігіне талдау жүргізді.

Аталған кәсіпорынның тарифтік саясаты бұған дейін әлеуметтік желілерде кең талқыланып, тұрғындардың наразылығын тудырған болатын.

Талдау нәтижесінде тарифтің негізсіз көтерілгені анықталып, аудан тұрғындары пайдаланған су үшін артық төлем жасағаны белгілі болды.

Кәсіпорынның балансында аудандағы 47 ұңғыма тіркелген, олар 150 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бір текше метр суға белгіленген тариф - 132 теңге.

Алайда іс жүзінде 37 ұңғыма бойынша бұл салықтар төленбеген, себебі олар тіркелмеген, жер учаскелеріне мемлекеттік актілер мен арнайы су пайдалану рұқсаттары алынбаған.

Мұндай салықты тек арнайы су пайдалану рұқсаты бар субъектілер ғана  төлейді. Сәйкесінше, бұл шығындар тарифке негізсіз енгізілген.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісімен аталған салықтарға қатысты шығыс баптары алынып тасталды, нәтижесінде тариф 132 теңгеден 129 теңге 9 тиынға дейін төмендетіліп, тұрғындардың құқықтары қорғалды.

Қазіргі уақытта прокуратура актісінің негізінде кәсіпорын ұңғымаларды түгендеу және тиісті құжаттарды әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл тарифтік саясаттың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Талғар ауданының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын уақтылы қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.