ҚР мемлекеттік құрылымының қалыптасуындағы прокуратураның рөлі атты тақырыптарға дәрістер

ҚР мемлекеттік құрылымының қалыптасуындағы прокуратураның рөлі атты тақырыптарға дәрістер

Жамбыл ауданы прокуратурасының бастамасымен Республика күніне орай жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және прокуратура органдарының қызметіне қызығушылығын қалыптастыру мақсатында білім беру мекемелерінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуындағы прокуратураның рөлі» тақырыбында дәрістер өткізілді.

Аудан прокуратурасының өкілдері мектеп оқушыларымен кездесіп, прокуратура органдарының қалыптасу тарихы, олардың заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы туралы айтылды.

Оқушылар пікірталасқа белсене қатысып, прокурорлық қызметке және прокуратура жүйесінде мансап құру мүмкіндіктеріне зор қызығушылық танытты.

Кездесулердің қорытындысы бойынша оқушылар арасынан прокуратура саласына қызығушылық танытқан, белсенді және мақсатты жастардан құралған «Жас прокурорлар» тобымен кездесу өткізілді.

Бұл бастама жастардың заңға құрметпен қарауын, құқықтық сананы нығайтуды және құқықтық мемлекетті дамытуға өз үлесін қосуға дайын болашақ буынды тәрбиелеуге жарқын мысалы.    

#Заң_мен_Тәртіп