Іле ауданы прокуратурасымен Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізілді.
Тексеруге тұрғындардың Тереңқара өзенінің арнасының қоқыспен ластануы және тұрмыстық қатты қалдықтардың заңсыз төгілуі туралы көптеген өтініштері негіз болды.
Қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану арқылы құқықбұзушылық фактілері құжат жүзінде расталды.
Нәтижесінде жер, санитариялық және экологиялық заңнаманың талаптары бұзылғаны анықталды.
Қалдықтарды басқару және атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін жер иесі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ, тиісті бақылаудың болмауы және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, прокуратура өзеннің арнасын және оған іргелес жер учаскесін қоқыстан тазарту жөнінде жер иесіне міндет жүктеу туралы талап арызды сотқа жолдады.
Алматы облысының прокуратурасы азаматтардың экологиялық құқықтарын және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмысын жалғастыратын болады.
#Заң_мен_Тәртіп