Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының жеке құрамы, сотталған адамдардың қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында аудандық пробация қызметерінің есебінде тұрған түлғаларға қатысты жазасын өтеу шарттарының талаптарын сақтау бойынша қадағалау профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қайта қылмыс жасауға жол бермеу туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жазасын өтеу ережелерін бұзудың құқықтық салдары және жазаны ауыстыру мүмкіндігі түсіндірілді.
Қадағалау іс шаралары аудан прокурорымен бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде жүргізілетін болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам