«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасымен табиғат қорғау заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде ауыл шаруашылығы жерлерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбаудың 38 фактісі анықталды, оның ішінде капиталды құрылыстар тұрғызу және балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жасанды тоғандар қазу деректері бар.
Атап айтқанда, шаруа қожалықтарын жүргізуге берілген жерлерде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпестен және су ресурстарын пайдалануға арнайы рұқсат алмай ақылы балық аулау орындары мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған.
Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының жер, су және экологиялық заңнамаларының талаптарына қайшы келеді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша аудан прокуратурасымен қадағалау актісі енгізіліп, материалдар кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту және заң бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Аудан прокуратурасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды қорғау бағытында жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.
#Заң_мен_Тәртіп