Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен басталған «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» және «TURAN» жобалары аясында аудан прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесе отырып аудан аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар отбасыларға бағытталған бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ отбасыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету.
Жұмыс барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім отбасылармен әңгімелер жүргізіліп, зорлық-зомбылыққа жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді. Мамандар тарапынан құқықтық кеңес, психологиялық қолдау көрсетілді, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шаралары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берілді.
Аталған іс-шаралар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік