Кәмелетке толмағандар арасында профилактика – ертеңгі қателіктен қорғаныс

Кәмелетке толмағандар арасында профилактика – ертеңгі қателіктен қорғаныс

Іле ауданының прокуратурасы «Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінің 4-механикаландырылған бригадасының» өкілдерімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жасөспірімдерге дәріс өткізді.

Іс-шара барысында құқық бұзушылық түрлері мен олардың салдары түсіндіріліп, заңға құрметпен қарау және қоғамда мінез-құлық ережелерін сақтау маңыздылығы атап өтілді. Оқушыларға теріс ықпалдан қалай қорғану керектігі туралы практикалық кеңестер берілді.

Әскери бөлім өкілдері оқушылар алдында Отанды қорғаудың қасиетті борышы туралы айтып өтті. Сонымен қатар шақырылған блогерлер жастарға құқықтық мәдениеттің қазіргі қоғамдағы маңызы жөнінде ойларымен бөлісті.

Дәрістен кейін оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсеткен концерт ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және құқық бұзушылыққа тұрақты иммунитет қалыптастыруға ықпал етті. Аудан прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастырады.