«Заң мен Тәртіп» – құқықтық мемлекеттің негізі

«Заң мен Тәртіп» – құқықтық мемлекеттің негізі

Осы қағидатты нығайту және жастардың заңға деген құрметін қалыптастыру мақсатында Райымбек ауданының прокуратурасымен 5–8 сынып оқушыларына профилактикалық кездесу өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.

Кездесу барысында оқушыларға келесі тақырыптар түсіндірілді:

- кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі;

- заңды бұзудың ұғымы мен салдары;

- буллинг және оның алдын алу;

- заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастырудағы отбасы мен мектептің рөлі.

Ерекше назар қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау, өзгелердің құқықтарына құрметпен қарау және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға аударылды.