Түнде алкогольді сатуға жол берілмейді!

Түнде алкогольді сатуға жол берілмейді!

«Заң мен тәртіп» қағидатының аясында Балқаш ауданында алкоголь өнімдерін сататын дүкендерге кешкі рейд жүргізілді.

Тексерудің мақсаты – белгіленген уақыттан кейін спиртті ішімдіктердің сатылуын тоқтату.

Рейдке аудан прокуратурасы және полиция қызметкерлері қатысты.

Тексеру барысында сағат 21:00-ден кейін алкоголь сатқан бір дүкен анықталды.

Дүкен иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Осындай рейдтер алдағы уақытта да жалғасын табады.