Жол қозғалысы қауіпсіздігі – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі

Райымбек ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуда. Қарапайым ережелерді елемеу – адам өміріне тікелей қауіп.

Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғаларының негізгі бөлігі қарапайым ережелерді елемеуден туындайды. Жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі, жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы, бағдаршам белгілеріне бағынбауы қайғылы жағдайларға себеп болуда.

Аудан прокуратурасы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Сол шаралардың бірі ретінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған әлеуметтік бейнеролик түсірілді. Оның негізгі мақсаты – қоғамға жолдағы қарапайым ережелерді сақтау арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алуға болатынын жеткізу.

Жолдағы қауіпсіздік – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Заңды сақтау – өмірді сақтау.

#Заң_мен_Тәртіп