Прокуратура туризм қауіпсіздігін назарда ұстайдым

Прокуратура туризм қауіпсіздігін назарда ұстайдым

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ұйғыр ауданының прокуратурасы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы облысында орналасқан танымал туристік орындардың бірі — Шарын шатқалында профилактикалық іс-шара өткізді.

        Іс-шараның мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алумен қатар, қауіпсіз әрі заңды туризмнің дамуына ықпал ету.

        Шатқал аумағында демалушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, ашық от жағуға тыйым салынатыны, рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуге, белгіленбеген бағыттармен жүру – биітіктен құлау қауіпін тудыратындығы, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тәртіп сақтау қажеттігі және қолданыстағы заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді.

        Аудан прокуратурасы туризм саласындағы заңдылықты қамтамасыз ете отырып, табиғатты сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін басты назарда ұстайды.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТәртіп
#ҚауіпсізҚоғам
#Заңүшін