"Оңалтуға жол" жобасын іске асыру барысы

"Оңалтуға жол" жобасын іске асыру барысы

"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру мақсатында Кеген ауданының прокуратурасымен жұмыс тобының мүшелерімен бірлесе "Оңалтуға жол" жобасы шеңберінде пробацияда есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді.   

Жобаның негізгі мақсаты - пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың мінез-құлқын бақылау, олардың қайталама қылмыстар жасауының алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті нығайту және олардың қоғамда толыққанды әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу.

Профилактикалық рейд барысында сотталғандармен әңгімелер жүргізіліп, олардың тұрмыстық жағдайлары зерделенді, жұмысқа орналасу және білім алу мәселелері қаралды, сондай-ақ тиісті ұсынымдар берілді.

Бұдан басқа, қылмыстарды қайталап жасаудың құқықтық салдары, сондай-ақ шартты түрде сотталған адамдар үшін пробациялық бақылау шарттарын бұзудың елеулі салдары түсіндірілді.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде, аудан аумағында 2024-2025 жылдары сотталғандармен қайталама қылмыстар жасалмаған.