Алматы облысы прокуратурасының «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматы облысының прокурорының орынбасарының төрағалығымен, Алматы облыстық сотының судьясы, Іле ауданы мен Алатау қаласының сот төрағалары, сондай-ақ облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Бұл шарада жазасын өтеп жатқан сотталғандарға ізгілендіру актілерін қолдану мәселелері, Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары және есірткі мен психотроптық заттарды сатумен байланысты қылмыстар санатына қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістер талқыланды.
Семинар-кеңес барысында сотталғандарды қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне ауыстыру мәселесіне аса назар аударылды. Мұндай мекемелерде сотталғандардың еңбекпен қамтылуы қамтамасыз етіледі, бұл өз кезегінде сотталғандардың қылмыспен келтірілген залалын өтеуге, сондай-ақ мекеменің үнемі бақылауында бол тұра, қоғамға тиімді бейімделуіне мүмкіндік береді.
Атап өтерлік, мұндай шаралар облыс прокуратурасымен тұрақты түрде ұйымдастырылады.
#Заң_мен_Тәртіп