Алматы облысының прокуратурасы тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеру жүргізіп, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрғын үй алу құқығын қамтамасыз ету бойынша бірқатар кемшіліктерді анықтады. Анықталған мәселелерді шешу мақсатында Ұйғыр ауданының прокуратурасы тиісті шаралар қабылдап, нақты нәтижеге қол жеткізді.
Атап айтқанда, ұзақ уақыт бойы баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы 17 отбасыға Шонжы ауылындағы жаңадан салынған тұрғын үйден пәтер кілттері табысталды. Кілттерді облыс прокурорының міндетін атқарушы Д.М.Катаев және аудан прокуроры Ғ.Қ.Тұрманов салтанатты түрде табыстады.
Аталған тұрғын үйдің құрылысы басталған кезден бастап аудан прокуратурасының тұрақты қадағалауында болды.
Бұл нәтижеге қол жеткізу прокуратураның ұстанымды позициясының нәтижесінде мүмкін болды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТәртіп
#ҚауіпсізҚоғам
#Заңүшін