«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Райымбек ауданының прокуратурасы, полиция бөлімі және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, есірткі қылмыстарының алдын-алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.
Атап айтқанда, Райымбек ауданы Қызылшекара ауылында орналасқан 6 гектар жерде өсіп тұрған жабайы каннабис плантациясы арнайы техникамен жойылды. Бұл шара есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қою және қылмыстардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ауыл-аймақтарда халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстарын насихаттау үшін арнайы баннерлер ілінді. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған.