Прокуратура органдары бұрын сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды оңалту және қайта әлеуметтендіру мәселелеріне ерекше назар аударады. Қоғамға белгілі жағдай – қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаларға жұмыс табу оңай емес, осы себепті кейбіреулері қайтадан қылмыстық жолға түсуге мәжбүр болады.
Жамбыл ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидасы және Алматы облысы прокуратурасының «Оңалту жолы» жобасы аясында, есептегі адамдардың қайта қылмыс жасау жағдайларын талдай отырып, оларды күнделікті негізде жұмыспен қамтуға және қоғамға бейімдеуге ықпал етуде. Осындай іс-шаралардың бірі – ауданның ірі кәсіпорындары мен жұмыс берушілерін тарта отырып өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болды.
Жәрмеңке нәтижесінде ондаған есептегі адам өз үмітіне сәйкес жұмысқа орналастырылып, кәсіпкерлер де өздеріне қажетті кадрларды тапты. Осылайша, іс-шара тиімділігін көрсетті және тұрақты түрде өткізілуі жоспарлануда.
# Заң_мен_Тәртіп
#Қауіпсіз_Қоғам