Студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне барды

Студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне барды

«Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Талғар ауданының прокуратурасы Жаңалық ауылында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейіне студенттерге экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсияға Қонаев атындағы колледждің 17 студенті қатысты.

Сапардың мақсаты – тарихи жадыны қалыптастыру, жастарды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қатысушылар музей экспозициясымен танысты. Онда сталиндік қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз сотталып, атылған қазақстандықтардың мұрағаттық материалдары, фотосуреттері, құжаттары мен жеке заттары қойылған. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров секілді көрнекті тұлғалардың тағдыры баяндалды.

Экскурсия құрбандардың рухына терең құрмет жағдайында өтті. Студенттер экскурсоводтың әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, көргендерін талқылады.

Музейге бару жаңа білім көзі ғана емес, сонымен қатар ел тарихы аясында бостандықтың құны мен адам өмірінің маңыздылығы туралы ойлануға себеп болды.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ҚауіпсізҚоғам