Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды. Аталған Заң есірткі өндіру мен өткізуді ұйымдастырушыларға жауапкершілікті қатаңдату, ал есірткіні жасырын орналастырушыларға қолданылатын шараларды жұмсартуды қарастырады.
Сондай-ақ, Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтай отырып, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарауды,: «Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты сотталған азаматтарды жазалау емес, түзету болуы тиіс» екенің атап өтті.
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында сотталғандарға қатысты гумандық актілерді қолдану мәселелері бойынша Алматы облыстық сотының судьяларының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Заң күшіне енгеннен кейін, жаңа, неғұрлым икемді санкцияларға байланысты 300-ден астам іс бойынша сот шешімдері қайта қаралды.
Сонымен қатар, 260-тан астам сотталғандарға, оның ішінде 60 әйелге шартты түрде мерзімінен бұрын босату берілді, жаза жеңіл түріне ауыстырылды немесе олар жеңілдетілген режимдегі мекемелерге ауыстырылды.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Білім басқармасы және «BilimInvest» Ұлттық білім беру инвесторлар қауымдастығымен бірлесіп, сотталған әйелдердің балалары үшін қолайлы өмір сүру және даму жағдайларын жасау, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында білім беру үдерісін дамыту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Атап өтерлік, №10 мекемесінде іс-шара өткізіліп, оның барысында мектеп кітапханасына әдеби кітаптар табысталды, ал мекемедегі «Балалар үйінде» тәрбиеленіп жатқан балаларға «BilimInvest» тарапынан сыйлықтар берілді.
Осы күні тараптар сотталғандарды әлеуметтендіру, бас бостандығынан айыру орындарында білім беру бағдарламаларын дамыту, аналықты қолдау және балалардың дамуын қамтамасыз ету салаларында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл – әділетті және орнықты құқықтық жүйені құру жолындағы тағы бір маңызды қадам.
#Заң_мен_Тәртіп
#ТеңҚұқылы