Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қолдау және қорғау

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қолдау және қорғау

Алматы облысының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 545 адам мүгедектік рәсімдеуге және тиісті әлеуметтік төлемдерге қол жеткізді, 23 азамат оңалтуға жіберілді, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар 180 баланың сабақ уақыты ұлғайтылды.

Прокуратуралық қадағалау актілері бойынша шектеулі мүмкіндіктері бар 109 азаматтан заңсыз ұсталған төлемдерді қайтару шаралары қабылданды, 32 баланың инклюзивті білім алуға құқығы қорғалды. Тексеру нәтижесінде қозғалысы шектеулі азаматтарға бейімделмеген 350 нысан анықталып, 14 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.

 

​#Заң_мен_Тәртіп