«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы

«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы

Алматы облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыруда.

Балалардың құқықтарын қорғау – прокуратураның қадағалау қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады және тұрақты бақылауда ұсталады.

Жоба аясында барлық аудандарда прокуратура, полиция, қорғаншылық органдары, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, психологтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған мобильді топтар жұмыс істеуде.

Олардың басты мақсаты – қауіп-қатер тобындағы немесе зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін балаларды анықтау.

Барлық оқу орындарында Алматы облысы прокуратурасының QR-коды орналастырылған. Осы код арқылы азаматтар буллинг, бопсалау, заңсыз ақша жинау және балаларға қатысты өзге де құқық бұзушылықтар туралы анонимді түрде хабарлай алады.

Прокуратура облыс тұрғындарын балалардың құқықтарының бұзылуына бейжай қарамауға және құқық бұзушылықтар туралы QR-код немесе Instagram парақшасы: almaty_obl_prok арқылы хабарлауға шақырады. Анонимдікке кепілдік беріледі.

Жоба аясындағы жұмыс жалғасуда.

 

​#Заң_мен_Тәртіп