Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және «Заң мен Тәртіп» республикалық апталығы аясында Алматы облысының прокуратурасы, облыс әкімдік және Полиция департаментімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» өңірлік есірткіге қарсы акциясын өткізді.
Акция қоғамда есірткінің заңсыз айналымына төзбеушілікті қалыптастыруға және азаматтардың, сондай-ақ болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Үйлестірілген жұмыстың нәтижесінде облыс бойынша есірткі және психотроптық заттарды алу 361%-ға (239 кг-нан 1 т. 104 кг-ға дейін), оның ішінде гашиш 12,5% - ға (8 кг-нан 9 кг-ға дейін), каннабис өсімдігі 0-ден 900 кг-ға дейін, синтетика 7% - ға өсті (164 кг-нан 176 кг-ға дейін).
Ағымдағы жылдың мамыр айында Талғар ауданында өнеркәсіптік ауқымдағы нарколаборатория таратылды.
Аталған жұмыс нәтижесінде 8 тонна прекурсорлар, 135 кг. дайын өнім (aPvP немесе «Скорость») есірткісі тәркіленді, бұл нарықтағы сомасы 3 млрд.теңгені құрайтын синтетиканың 200 мыңнан астам бір реттік дозасы.
Содан бөлек Бас Прокурордың нұсқауын орындау шеңберінде 90 млн. теңгеге 850-ден астам банктік есірткі шоты бұғатталды.
Прокуратура есірткіні бақылау саласындағы заңнаманың орындалуын, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтың алдын алуды дәйекті қадағалауды жалғастырады.
Азаматтарды қырағы болуға, осындай құқық бұзушылықтарға төзімділік пен нөлдік төзімділік танытуға шақырамыз.
#Заң_мен_Тәртіп