Іс-шара «Заң мен Тәртіп апталығы» аясында ұйымдастырылып, оның барысында студенттер прокуратура органдарының қызметімен танысты. Қатысушыларға прокуратураның негізгі бағыттары, атқаратын функциялары мен қоғамдағы рөлі туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, студенттер прокурорлардың күнделікті жұмыс процесін көріп, құқық қорғау саласына қатысты сұрақтарына жауап алды.
Мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың құқық қорғау қызметіне деген қызығушылығын оятады.
#Заң_мен_Тәртіп