Сауатты қаржылық шешім – қауіпсіз өмірге сенімді қадам

Сауатты қаржылық шешім – қауіпсіз өмірге сенімді қадам

«Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы Ұйғыр ауданы прокуратурасымен қаржылық сауаттылық және азаматтардың қауіпсіздігі тақырыбында ақпараттық бейнеролик әзірленді.

Бейнероликтің мақсаты тұрғындарға жеке қаржыны дұрыс басқару, қарызға батпау, алаяқтықтың алдын алу және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша пайдалы ақпарат беру.

Прокуратура әр азаматты қаржылық жауапкершілікке шақырады және қажет болған жағдайда тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуге кеңес береді.

#Заң_мен_Тәртіп