Алматы облысының прокуратурасына танымал чемпион келді

Алматы облысының прокуратурасына танымал чемпион келді

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов UFC қарамағында аралас жекпе-жек чемпионы қазақстандық Шавкат Рахмоновпен кездесіп, жастар арасындағы құқық бұзушылықтармен күресу, есірткі қылмыстарын алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Облыс прокуроры өңірде балалармен олардың құқықтары мен заңдардың белсенді талқыланып жатқанын айтты. Биылғы жылы осындай 500-ден астам кездесу өтіп, әр мектепте QR кодтар орналастырылды. Олардың көмегімен қорқыту немесе бопсалау сияқты мәселелер туралы хабарлауға болады, кейін әрекет ету шаралары қабылданады.

Жалпы, өңірдің прокуратурасы 69 мың баланың құқығын қорғады.

Құқық пен әділеттілікке қызығушылық танытқан оқушылар үшін «Прокурордың жас көмекшісі» арнайы клубтары құрылды. Бұл клубтарда балалар құқықтық жүйе, «Заң мен Тәртіп» қағидаты және прокуратураның жұмысы туралы көбірек біле алады.

Іс-шара жас ұрпақтың қызығушылығын тудырды және қазіргі уақытта клубтарға 800 оқушы бар.

Нашақорлық мәселесі біздің қоғам үшін өзекті болып қала береді және прокуратура шетте қалмайды. Соңғы уақытта халықты есірткінің зияны туралы хабардар етуге бағытталған 250 іс-шара өткізілді.

Мұндай қылмыстар туралы жасырын түрде хабарлауға болатын Телеграм-бот іске қосылды. Бұл ботқа 800 хабарлама келіп түсті, оның 10-ы расталды. Олар бойынша тексерулер жүргізілді.

Прокуратураның үйлестіруімен 180 есірткі граффити жойылды.

Кездесу соңында қонаққа есірткі үшін сотталған жасөспірімдер туралы баяндайтын «Қабырға артындағы балалық шақ» деректі фильмі көрсетілді. Бұл фильм жастармен жұмыс істеудің маңыздылығын және оның оң өмірлік бағдарларын қалыптастыру қажеттілігін еске салды.

Шавкат Рахмонов бастамаларға қолдау білдіріп, жастарды тәрбиелеуге, спортты ілгерілетуге және жағымды құндылықтарды қалыптастыруға көмектесуге дайын екендігін мәлімдеді. Оның осындай жобаларға қатысуы өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге елеулі үлес болады.

Берік Адамов атақты спортшылармен ынтымақтастық жастарға заң мен тәртіптің не екенін тиімді түсіндіруге және олардың заңға деген құрметін қалыптастыруға ықпалын атап өтті.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ҚауіпсізҚоғам