2025 жылы 13 маусымда Қаскелең қаласындағы SDU Университетінің аумағында Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс – Форум форматында өткізілді.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, ғылыми және іскерлік қауымдастық өкілдері, сондай-ақ олимпиада чемпиондары, белсенділер, құқық қорғаушылар мен прокуратура ардагерлері қатысты.
Форум Президент ішкі саясаттың басымдығы ретінде айқындаған қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті.
Облыс прокуроры Берік Адамов өз сөзінде Алматы облысында жалпы қылмыс деңгейі 13%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыстар – 33%-ға, ұрлық – 27%-ға төмендегенін атап өтті.
Бұл нәтижелер барлық мемлекеттік органдардың жүйелі және келісілген жұмысының, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізудің және ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейтудің арқасында мүмкін болды.
Форум барысында бірқатар негізгі бастамалар мен жобалар таныстырылды:
- құқықтық статистика Комитетінің құқықбұзушылықтарды онлайн-бақылауды қамтамасыз ететін ақпараттық платформалары;
- облыс бойынша 8 мыңнан астам камераны қамтитын бейнебақылау жүйесін жаңғырту;
- «Kcell» компаниясының қауіпті мінез-құлық үлгілерін анықтауға бағытталған аналитикалық шешімдері;
- ауыл аймақтарда іске асырылып жатқан мал ұрлығының алдын алу жөніндегі пилоттық жоба;
- кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» бастамасы.
Қатысушылар, отбасылық-тұрмыстық салада құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Медиация институтын күшейту, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын кеңейту және тәуекел тобындағы отбасылармен жұмыста аналитикалық тәсілдерді енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Іс-шара аясында балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Күнделік» ЖШС және «Дала Қырандары» қоғамдық ұйымымен меморандумдарға қол қойылды.
Кеңеске спорт және мәдениет саласының танымал өкілдері де қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастар мен жалпы халық арасында салауатты өмір салты, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын ілгерілетуге қолдау білдірді.
Форум билік пен қоғам өкілдері бірлесе отырып, алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын іздеген диалог алаңына айналды.
Іс-шара соңында алғыс хаттар табыс етіліп, пікірталас барысында түскен ұсыныстар талқыланды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам