Алматы облысында сотталғандарды еңбекпен қамтуға арналған жаңа өндірістік алаң ашылды

Алматы облысында сотталғандарды еңбекпен қамтуға арналған жаңа өндірістік алаң ашылды

Ағымдағы жылдың маусым айының 11-і күні, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №12 мекемесінің өндірістік аумағында жаңа модульдік ғимараттар орнатылып, оның ашылуы өтті.

Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауы мен жұмысшы кәсіптерді дамытуға және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылды. Жаңа өндіріс орнына 50-ден астам сотталған адам еңбекке тартылды.

Жоба мекеме мен «Алматы Сквер» жеке кәсіпкері арасында бұған дейін жасалған меморандум негізінде іске асырылды.

Аталған іс шара – Алматы облысы прокуратурасы және ҚАЖ департаментінің бірлесіп жүргізген жүйелі жұмысының нақты нәтижесі.

Басты мақсат – сотталғандарға еңбек арқылы түзелу мүмкіндігін беру.

Осы бағытта мемлекеттік органдармен, «Атамекен» палатасы және кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жүргізілді. Кәсіпті қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту, өндіріс  орындарын ашу мәселелеріне аса назар аударылды.

Нәтижесінде:

  • Облыс аумағындағы түзеу мекемелерінде 31 өндірістік алаң жұмыс істеп тұр;
  • 1 569 сотталған еңбекпен қамтылды;
  • 4 жаңа өндіріс орындары ашылып, кәсіпкерлермен қосымша келісімдер жасалды.

Алматы облысының прокуратурасы алдағы уақытта да сотталған азаматтарды еңбекпен қамтудың тиімді тетіктерін қалыптастыру, қайталама қылмыстың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту бағытында жұмыстарды жалғастырады.

#Заң_мен_тәртіп

#ТеңҚұқылы