Бүгін Талғар ауданында орналасқан «Маралсай» балалар сауықтыру лагерінде жазғы демалыс кезеңінде балалардың жарақаттануының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өтті.
Іс-шараға прокуратура өкілдері мен ювеналды полиция қызметкерлері қатысты. Кәмелетке толмағандармен бірге лагерьде, су айдындарында, тұрмыста және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ құқықбұзушылық әрекеттердің құқықтық салдары мен жеке қауіпсіздік шаралары туралы әңгіме жүргізілді.
Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, буллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жазғы лагерьлердегі балалармен профилактикалық жұмыс әртүрлі қызметтер мен ведомстволардың мамандарын тарта отырып, тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
#Заң_мен_тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам