«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Талғар ауданының прокуроры мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, орта мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, Полиция басқармасының, білім беру жүйесінің, төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы, сондай-ақ прокуратура, ІІМ және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жасөспірімдердің жауапты мінез-құлқын қалыптастырудағы отбасының рөлі сияқты өзекті мәселелер қаралды.
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және оларға ата-аналар тарапынан тиісті бақылау жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Жиналғандарға Алматы облысы прокуратурасының тапсырысы бойынша түсірілген, жастар тарапынан жасалған құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын көрсететін «Қабырға артындағы балалық шақ» атты деректі фильм және ақпараттық слайд ұсынылды.
Іс-шара ашық диалог форматында аяқталып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Құқықбұзушылықтың алдын алу, дер кезінде ақпарат беру және барлық мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы – өсіп келе жатқан ұрпақ үшін қауіпсіз әлеуметтік ортаны қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының басты басымдықтары болып қала береді.
#Заң_мен_тәртіп