«Оңалту жолы» жобасы аясында Іле ауданындағы сотталғандарға арналған спорттық шара

«Оңалту жолы» жобасы аясында Іле ауданындағы сотталғандарға арналған спорттық шара

Іле ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында аудан әкімдігі және пробация қызметімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған кең ауқымды спорттық іс-шара ұйымдастырды.

Жарысқа 50 сотталған адам қатысып, төрт спорт түрінен (футбол, турникке тартылу, қол күрес және гір тасын көтеру) өз күш-қуаты мен жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік болған қатысушылар медальдар мен грамоталармен марапатталды.

«Оңалту жолы» жобасы аясында өткізіліп жатқан іс-шара сотталғандарды спортқа баулу, еңбекке орналасу және білім беру бағдарламалары арқылы қоғамға бейімдеуді көздейді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.


#Заң_мен_тәртіп