«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қарасай ауданының прокуратурасы балалар үшін отбасын қолдауға, мәдени демалысты дамытуға және қамқорлық пен жылулық атмосферасын құруға бағытталған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балаларға қызықты мультфильм көрсетілімі, аттракциондарда көңілді ойын-сауық бағдарламасы және цирк қойылымы ұсынылды.
Осылайша, 100-ден астам бала бақытты және уайымсыз балалық шақтың сәттерін сезіне алды.
Мереке барысында өмірлік қиын жағдайдағы балалар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінді.
Бұл мерекелік күн прокуратура органдарының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаумен қатар, балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге де үлкен үлес қосып жатқандығының айқын көрінісі болды.