2025 жылдың 30 мамырда Алматы облысында құқықтық сауаттылықты арттыру және халыққа қолжетімді заң көмегін көрсету мақсатында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды.
Адвокаттар, заңгерлер, прокурорлар және әртүрлі ұйымдардың өкілдері тұрғындарға кеңестер беріп, әлеуметтік қамтамасыз ету, отбасы, жер және басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетті.
Азаматтарға әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, құжаттарды рәсімдеуге және құқықтық мәселелерді шешуге кеңестер берілді.
Мұндай акциялар құқықтық мәдениетті нығайтып, азаматтардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді.
#Заң_мен_тәртіп