Қауіпсіз балалық шақ: Алатау қаласында оқушылардың ата-аналарымен кездесу өтті

Қауіпсіз балалық шақ: Алатау қаласында оқушылардың ата-аналарымен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алатау қаласының прокуроры 16 орта мектептің оқушыларының ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шараға 300-ден астам ата-ана мен қаланың ақсақалдары қатысты.

Кездесу барысында, әсіресе жазғы демалыс кезінде балалар тап болуы мүмкін құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

Буллинг, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар, есірткі құралдарына байланысты құқықбұзушылықтар, алаяқтық және басқа да мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық мәселелерін көтеретін «Қабырға артындағы балалық шақ» атты деректі фильм көрсетілді.

Кездесу қорытындысында қала прокуроры мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – әр бала өзін қауіпсіз сезінетін орта қалыптастыруда бірлесіп жұмыс істеу екенін атап өтті.

 

#Заң_және_тәртіп