Қылмыстың қайталануына қарсы әлеуметтік бейімделу

Қылмыстың қайталануына қарсы әлеуметтік бейімделу

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Жамбыл ауданының прокуратурасы пробация қызметімен бірлесіп, қылмысты қайталап жасауға бейім тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша үнемі профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылы есепте тұрған тұлғалар тарапынан 8, ал ағымдағы жылдың өткен кезеңінде — 3 қайталама қылмыс тіркелген, бұл өз кезегінде ерекше алаңдаушылық туғызады.

Алматы облысының прокуратурасы әзірлеген «Оңалту жолы» жобасы аясында сотталғандарды қоғамға сәтті бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Жобаның негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, пробация қызметі және Жамбыл ауданының ірі кәсіпорындары арасында бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде пробация қызметінде есепте тұрған 100 адам жұмыспен қамтылды.

Аталған шаралар бұрын сотталған азаматтардың әлеуметтік-материалдық жағдайын жақсартумен қатар, қылмыстық ахуалды жақсартуға және осы санаттағы тұлғалардың қылмысты қайталап жасауын алдын алуға бағытталған.

 

#Заң_мен_тәртіп

#ҚауіпсізҚоғам