«Прокурордың жас көмекшісі» сыныбының ашылуы

«Прокурордың жас көмекшісі» сыныбының ашылуы

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының бастамасымен және Білім бөлімімен бірлесіп аумақтағы №1 орта мектепте «Прокурордың жас көмекшісі» атты арнайы сынып ашылды.

Сыныптың ашылу салтанатына аудандық мәслихат депутаттары, прокуратура органдарының ардагерлері, құрметті азаматтар мен ауыл ақсақалдары қатысты. Қонақтар оқушыларға өмірлік маңызды кеңестер беріп, құқықтық білім алудың маңыздылығын атап өтті.

«Прокурордың жас көмекшісі» сыныбы – балалардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық ойлауын дамытуға бағытталған пилоттық жоба. Мұнда оқушыларға адам құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтық қорғалуы, қауіпсіз интернет, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру сабақтары мен кездесулер өткізу жоспарлануда.
Аудан прокуратурасы бұл бастаманы тұрақты түрде дамытып, басқа да мектептерде енгізуді жоспарлап отыр. Бұл – құқықтық мемлекет негіздерін бала кезден қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

#Заң_мен_тәртіп

#ҚауіпсізҚоғам