Сотталғандарға әлеуметтік және құқықтық көмек: профилактикалық кездесу нәтижелері

Сотталғандарға әлеуметтік және құқықтық көмек: профилактикалық кездесу нәтижелері

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қарасай ауданының прокуратурасы және Алматы мен Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті Қарасай аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен кездесу өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты — пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен профилактикалық сипаттағы әңгімелесу, олардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделеу, әлеуметтік-құқықтық және медициналық көмек көрсету қажеттілігін анықтау.

Сонымен қатар, кездесу барысында сотталғандардың тұрмыстық, материалдық жағдайлары мен қайта қылмыс жасауға бейім проблемалық мәселелер зерттелді.

Сонымен бірге, аталған кездесуге жергілікті атқарушы органдар мен аудандық жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

 

#Заң_мен_тәртіп

#ЗаңҮшін