Қонаев қаласында мектеп оқушылары арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында сурет байқауы өтті

Қонаев қаласында мектеп оқушылары арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында сурет байқауы өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қонаев қаласының прокуратурасы мен білім бөлімі бірлесіп, орта мектеп оқушылары арасында аталған тақырыпта сурет байқауын ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың заңға бағыну, жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттарының маңыздылығын саналы түрде түсінуін қалыптастыру болды. Байқауға ондаған оқушы қатысып, шығармашылық көзқарасы мен құқықтық ойлау қабілетінің жоғары деңгейін көрсетті.

Қатысушылардың жұмыстары көркемдік шеберлігі мен тақырыпты ашу деңгейі бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, оқушыларды дайындаған және бұл бастаманы қолдаған мұғалімдерге ерекше алғыс білдірілді.

Іс-шара аясында құқықтық викторина өткізілді, онда оқушылар Қазақстан Республикасының заңнамасы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері бойынша білімдерін көрсетті.

Осындай байқаулар жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, құқықтық сананы нығайтуға, заңға құрметпен қарауға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

 

#Заң_мен_тәртіп

#ЗаңҮшін