Балалармен жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Талғар ауданы мектептеріндегі жаңа шаралар

Балалармен жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Талғар ауданы мектептеріндегі жаңа шаралар

Кәмелетке толмағандардың жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Профилактика 365» және «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобаларын іске асыру аясында Талғар ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп бірқатар профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды.

Атап айтқанда, ауданның барлық мектептерінде оқушылардың сөмкелеріне жарық шағылыстыратын ленталар жапсырылды. Бұл жүргізушілерге қараңғы уақытта балаларды дер кезінде байқауға мүмкіндік береді.

Бұл - оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған қарапайым, бірақ тиімді шара.

Сонымен қатар, жалпы білім беру мекемелерінің маңындағы жол инфрақұрылымының жағдайына талдау жүргізілді.

Талғар ауданы әкімдігімен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде ауданның 19 мектебінде қосымша қауіпсіздік элементтері орнатылды - жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелдері, «Жасанды кедергілер», сондай-ақ жылдамдықты шектейтін жол белгілері қойылды.

Аудан прокуратурасы мектеп оқушылары үшін қауіпсіз жағдай жасау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты үйлестіруді жалғастыруда.

#Заң_мен_тәртіп

#ҚауіпсізҚоғам