Іле ауданы аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп деңгейін арттыру мақсатында, сондай-ақ «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан прокуратурасымен кешенді профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар қылмыстың алдын алуға бағытталған.
Республикалық Заң Керуені акциясы аясында ауданның алты елді мекенінде (Өтеген батыр, Боралдай, Қараой, Ақсай, Байсерке, асқар Тоқпанов ауылы) көшпелі кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шаралардың басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың құқықтарына қол сұғушылықтардан қорғану тетіктерін қалыптастыру.
Кездесулер барысында тұрғындармен ашық диалогтар өткізілді, азаматтардың құқықтары, уәкілетті органдарға жүгіну алгоритмдері түсіндірілді, сондай-ақ пайдалы құқықтық ақпараттар қамтылған жадынамалар таратылды.
Іс-шаралар нәтижесінде төрт азаматтан құқықтық мәселелер бойынша ауызша өтініштер келіп түсті. Барлық өтініштер қабылданып, оларға нақты түсіндірмелер берілді және айтылған мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Іле ауданының прокуратурасы бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда.
#Заң_мен_тәртіп