Облыс прокуратурасында колониялардағы қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Облыс прокуратурасында колониялардағы қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасында Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде жазаны өтеу режимін қамтамасыз ету, сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, колонияларда орын алған оқиғаларға мемлекеттік органдардың ден қоюы мәселелері талқыланған алқа отырысы өтті.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, әскери прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері, жазаны орындау жүйесінің мекемелері мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің өкілдері қатысты.

Сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсау және дене жарақатын келтірудің алдын алуға ерекше назар аударылды.

Режимді күшейту, мекемелердің инженерлік-техникалық қорғалу деңгейін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту шаралары қабылданды.

Отырыс қатысушыларына оқшаулау жағдайында сотталғандар тарапынан жасалған және бейнебақылау жүйелері арқылы тіркелген құқық бұзушылықтар туралы бейнематериал ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚАЖ, полиция және Ұлттық ұланға режимді күшейту, төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылды үйлестіру, ҚАЖ мекемелеріндегі жедел-режимдік жағдайды сауықтыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

 #Жауапкершілік