«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында және бизнес құқықтарын қорғау бойынша облыс прокуроры Марат Әбішев диагностикалық медициналық аппараттар шығаратын «Актюбрентген» АҚ мен бағдаршам жабдықтарын өндіретін «Светоком» ЖШС кәсіпорындарының қызметімен танысты.
Аталған кәсіпорындарда өндірістік қуаттың төмен деңгейде пайдаланылып отырғаны байқалды.
«Актюбрентген» АҚ – Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз, сондай-ақ ТМД елдеріндегі санаулы жоғары технологиялы медициналық рентген-диагностикалық жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардың бірі.
Кәсіпорын директорының айтуынша, қазіргі уақытта зауыттың жүктемесі небәрі 28%-ды құрайды.
Оның негізгі себептерінің бірі – өнімді өткізуге арналған ұзақмерзімді келісімшарттардың болмауы.
«Светоком» ЖШС – бағдаршам жабдықтарын шығаратын бірегей кәсіпорын.
Алайда, кәсіпорын өндірістік қуатының небәрі 30%-ына ғана жүктелген (жылына 2 мың данаға дейін бағдаршам өндіру мүмкіндігі бар).
Кәсіпорын директорының айтуынша, бұл жағдайдың басты себебі – мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен мердігер ұйымдардың ұқсас өнімді көрші елдерден сатып алуы.
Сонымен қатар, бағдаршам өнімдері мемлекеттік сатып алу кезінде жеке тауар ретінде сатып алынбайды, өйткені ол құрылыс, жөндеу немесе орнату жұмыстары аясында мердігерлермен қолданылып жатыр.
Марат Әбішев 16 сәуірде өңірдің кәсіпкерлерімен өткен кездесуде облыс әкімі Асхат Шахаров прокуратураның ұсынысын қолдап, толық жүктемемен жұмыс істемейтін отандық өндірушілердің өнімдерімен импортты алмастыруды талдау үшін арнайы жұмыс тобын құру бастамасын қолдағанын атап өтті.
Аталған жұмыс тобы құрылып, кәсіпорындардың қызметін сауықтыру шаралары басталды.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі облыс әкімдігі мен прокуратурасының бақылауында.
#Закон_и_Порядок
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#Ответственность