«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Ақтөбе қаласының прокуратурасы бизнес құқығын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда орналасқан инвесторларға арналған арнайы жеңілдетілген тарифтің қолданылмау фактілері анықталды.
Қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларына сәйкес, аталған аймақтарда «Энергосистема» ЖШС-і электр энергиясына «жеңілдетілген тариф» қолдануға міндетті.
Алайда 17 инвестор тұтынылған электр энергиясы үшін заңды тұлғаларға белгіленген жалпы тариф — 1 кВт сағ үшін 49,99 теңге мөлшерінде ақы төлеген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде «Энергосистема» ЖШС аталған кәсіпкерлерге 1 кВт сағ үшін 38,86 теңге мөлшерінде «жеңілдетілген тариф» белгіледі.
Осылайша, инвесторлар үшін электр энергиясының тарифі 49,99 теңгеден 38,86 теңгеге дейін төмендетілді.
Бұл шара инвесторлардың шығындарын азайтып, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Прокуратура қадағалауы нәтижесінде инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді.
Бизнес құқығын қорғау жұмыстары жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік