«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Ақтөбе облысында прокуратура органдары, әкімдік және «Атамекен» өңірлік палатасы өкілдерінің кәсіпкерлермен кезекті кездесуі өтті.
Кездесу барысында отандық тауар өндірушілерді қолдау, электр энергиясы тарифінің көтерілуі, мемлекеттік сатып алуға қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
Жиын барысында облыс прокуроры Марат Әбішев прокуратураның бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, ол әкімдікпен, прокуратурамен, «Aтамекен» кәсіпкерлер палатасымен және уәкілетті органдармен тікелей іскерлік диалогты дамытудың оң үрдісін атап өтті.
Өңір әкімі мен облыс прокуроры кәсіпкерлерді жеке қабылдады.
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелерді облыс прокуратурасы қарауға қабылдады.
Бизнес құқығын қорғау жұмыстары жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік