Прокурорлар өңірде балық қорының артуына қолдау көрсетуде

Прокурорлар өңірде балық қорының артуына қолдау көрсетуде

Талдау нәтижесінде анықталғаны, соңғы үш жылда балықтандыру қызметтері сатып алынбағандықтан, бұл аталған саланың дамуының баяулауына алып келген.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында уәкілетті органдармен және балық шаруашылықтары өкілдерімен кездесу өткізді.

Қазіргі уақытта әкімдік осы шығыстарды 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін қажетті қаражат бөлетін болады.

Кездесуде балық өсіретін арнайы тәлімбақ ашу ұсынысы да қолдау тапты.

Бүгінде шаруашылықтардың көпшілігі балықты тоғандар мен ашық су айдындарында өсіреді, бұл оларды азықтандыру мен емдеуді қиындық тудырады.

Өзге өңірлерде арнайы тәлімбақтар кеңінен пайдаланылуда және олар өз тиімділігін дәлелдеп отыр.

Балық шаруашылығы субъектілер мемлекеттік қолдау шаралары, атап айтқанда субсидиялау мүмкіндіктері туралы жеткілікті түрде хабардар емес екені анықталды.

Бұрын субсидия алуға жылына екі үш өтінім түссе, ал түсіндіру жұмыстарынан кейін 19 млн теңгеге 10 өтінім қабылданды.

Балық шаруашылықтарын қолдау және дамыту жұмыстары жалғасуда.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

#Жауапкершілік